Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады

23.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов  ҚазҰУ ұстаздарын «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Олардың қатарында қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида да бар. 

Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида 1991 жылы ҚХР Іле педагогикалық университетінің қытай тілі факультетінің «қытай тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бітіріп, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  шығыстану факультеті қытайтану кафедрасын аспирантурасына түсіп 1998 жылы бітірген, шығыстану факультетінің ең алғашқы аспиранттарының бірі.  2008-2010 жылдары «екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп 2011 жылы Қытай Халық республикасының Ухань қаласындағы Орталық қытай педагогикалық университетіне доктарантураға түсіп, «Қытай-Қазақ тілдеріндегі фразеологиялық тіркестерін салғастыра оқыту» атты тақырыпта PhD докторлық диссертация қорғап шықты.

2017 жылы ҚР ҒжБМ нен «екі шет тілі» мамандығы бойынша PhD дипломын алған, 2018 жылы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Тіл білімі» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды. 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көп тілді білім беру институның шығыс тілдері және аударма кафедрасында қызмет еткен, 2018 жылдан бері факультетіміздің қытайтану кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарып келеді.

Оразақынқызы Фариданың қазірге уақытта 100-ден астам ғылыми еңбегі бар. Ол Дүниежүзілік қытай тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігінің, Еуразия қытай тілі мұғалімдері бірлестігінің мүшесі, «ҚХР ЖОО шетелдік студенттер бірлестігінің» Қазақстандық елшісі, «Қазақстандағы Қытайтанушылар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің  мүшесі. 

2012 жылы «Лидер образование», 2017 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»,  2018 жылы «Үлгілі Ұстаз» төс белгілерімен марапатталған.

Жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын, әріптестері арасында сыйлы, студенттердің құрметіне бөленіп жүрген жаңашыл ұстазымызды «Ерен еңбегі үшін» марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Фарида Оразақынқызына шығармашылық шабыт, еңбегіне жеміс, толағай табыстар тілейміз!