Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
18 қазан күні Қиыр Шығыс кафедрасының базасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған Кукмин университетінің (Корея Республикасы) шақырылған профессоры Ё Юн Хидің қатысуымен «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қиыр Шығыс кафедрасының, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Korean Study тіл орталығының және Алматы қаласындағы корей мектептерінің оқытушылары қатысты. Семинар барысында студенттерді эссе жазуға дайындау сынды мәселелер мен емтихандардағы шектеулі қателіктер нұсқалары қарастырылды. Аталған іс-шара Корея Республикасының Корей тілін зерттеу жөніндегі ұлттық институтымен және Кукмин университетімен орнатылған ынтымақтастық нәтижесінде өткізілді.