Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қысқы сессияға дайындық барысы түсіндірілді

28.11.2020

2020 жылдың 28 қарашасы күні Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының басшылығымен факультет студенттеріне арналған онлайн кездесу өтті. Кездесу алдымен 1 курс студенттеріне арналса, кейіннен 2,3,4 курс студенттерімен қоса есептегенде 248 студент, куратор-эдвайзерлер тікелей эфирге шықты. Кездесу барысында декан студенттердің оқу үдерісіне байланысты ұсыныстарын назарға алып, студенттерге қашықтан оқу жағдайында өтетін қысқы сессия туралы ақпарат берді. Жоғары курс студенттерінің өндірістік, ғылыми тәжірибеден өту процесі, шетелдік жоғары оқу орындарында пандемиядан кейінгі академиялық мобильділік бойынша білім алу мәселелері, емтиханды тапсыру платформалары, қашықтан білім берудің техникалық кемшіліктері және т.б. студенттердің өздерін мазалаған сұрақтарына жауап берілді.

Онлайн кездесудің соңында студенттерге шығыс тілдерін үйренуге байланысты кеңестер айтылды. Факультет деканы студенттерге алдағы келе жатқан емтиханға сәттілік тілеп, оны жоғары деңгейде тапсыруына тілек білдірді.