Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ КӨМЕК

04.12.2020

2020 жылдың 4 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Әмірбек Үмітай Әбдіқаппарқызы Алматы қаласының Алатау ауданындағы №178 лицейдің оқушыларымен онлайн форматта кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен кездесуге №178 лицейдің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Шажабаева Гүлжан Сауытқызы мен сынып жетекшісі Үсентаева Бағлан Аханқызы қолдау көрсетті. 9 сынып оқушыларымен болған кездесуге қатысқан Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің меңгерушісі, PhD, профессор Ли Бенг Джо оқушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қиыр Шығыс кафедрасының, корейтану бөлімінің ерекшеліктері, Корея Республикасы Үкіметінің тарапынан шетелдік студенттерге берілетін шәкіртақылар, Кореяда білім алудың артықшылықтары туралы әңгімелеп берді.

У.А. Амирбекова, өз кезегінде, оқушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы бейнероликті көрсетіп, университеттің жұмысы, қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат беріп, шығыстану факультетінде оқытылатын тілдер мен мамандықтарға толығырақ тоқталды. Қиыр Шығыс кафедрасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен, студенттердің университет қабырғасындағы қызықты да, мағыналы өмірімен бейне-баян арқылы таныстырып, мамандық таңдауға әрбір адамның саналы түрде келуі, оған үлкен жауапкершілікпен қарауы керектігі жайлы айтып, өз ойымен бөлісті. Ол оқушылардың мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап-ақ өз болашақтарын жоспарлап, өздерінің бойындағы қарым-қабілеттері мен қызығушылықтарын дұрыс тани білуге дағдылануы керектігін айтты. Еліміздің болашағы болып табылатын жасөспірімдер кездесуден қажетті ақпарат пен жақсы әсер алды деп сенеміз.