2020 жылдың 30 қарашасы мен 13 желтоқсаны аралығында «Қытай тілі көпірі» атты онлайн семинар өтті. Семинардың негізгі ұйымдастырушылары: ҚХР Білім министрлігіне қарасты қытай және шет тілдерінің байланыс және ынтымақтастық орталығы, Пекин тілдер университетінің халықаралыққытай тілін оқыту бөлімі, ҚХР мәдениетін әлемге тарату орталығы. Онлайн-семинарға Корей, Қазақстан, Өзбекстан және Жапон елінен жүзге тарта оқытушы қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 8 оқытушысы да бұл семинарға белсене қатысып, білімдерін жетілдірді.
Курс барысында мәдени тәжірибелер алмасып, түрлі мәдени тақырыптар бойынша дәрістер өткізілді. Қытайлық ұстаздар курсқа қатысушылармен өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Шетелдік оқытушыларының оқуға деген құлшынысы, ынтасы қытайлық ұстаздарды тәнті етті. Олар семинар барысында курсқа қатысушылардың ықыласын әрқашан сезініп отырды және оларға тіл мен мәдениетті ұдайы жетілдіріп отыруға кеңес беріп, оқу курсы аяқталғанмен, оқып-тоқудың бітпейтінін атап көрсетті.
Семинарға қатысушылар осындай ғылым мен техниканың дамыған ерекше кезеңінде,әлемді жайлаған індетке, қыстың қатал суығына қарамастан, қытай тілі мен мәдениетін үйренуге мол мүмкіндік берген онлайн семинарды ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді. Болашақта осындай әсерлі дәрістер мен жарқын жүздесулер жалғасын табатынына үміттенеді.

