Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСЫП, БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

06.12.2020

Үстіміздегі жылдың 5-6 желтоқсан күндері ҚХР, Хуажун аграрлық университетінің Қытай мәдени коммуникациялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен “Қытай мәдениетін зерттеу және мәдени қарым-қатынас теориясы мен практикасына басты назар аудару қажеттіліктері” атты халықаралық форум онлайн режимінде өтті. Бұл форумға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Индонезия, Камбоджа, Вьетнам, Гонконг, Тайвань және басқа елдер мен аймақтардан келген 27 сарапшы мен ғалымдар қатысып, бұлтты конференция арқылы ойларын бөлісті. Ал ғаламтор байланысы арқылы 300-дан астам адам қатысты.

Конференция негізінен жаһандану жағдайындағы қытай мәдени қарым-қатынасының теориясы мен практикасына, оның ішінде тарихи дамуға, қытай тілінің практикалық маңыздылығына, мазмұндық жүйесіне, практикалық сипаттамаларына, қытай тілі, әдебиеті мен мәдениеті туралы зерттеулерге назар аударды. Сонымен қоса жаңа гуманитарлық құрылыс жағдайындағы қытай тілін оқыту реформасы мен практикасы, коммуникациялық кедергілерді жеңу және мәденитаралық коммуникацияға ықпал ету жолдарын талқыланды.

Бұл форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Матай Бұлбұл қатысып, “Халықаралық студенттердің қытай мәдениетін тануы және қазіргі заманғы қытайтану” тақырыбы бойынша баяндама жасады. Баяндамада қазіргі заманғы қытай тілін оқыту әдістемелері көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Бұл халықаралық форум университеттер үшін академиялық зерттеудің маңыздылығын, қытай тілі мен әдебиетін оқыту және зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру, қытай мәдениеті мен оның халықаралық байланысын үнемі жақсарту қажеттіліктерін айқындай түсті.