Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Қоғамда өзекті орын алып мәселеге байланысты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасында «Әділетті Қазақстан-жастар таңдауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға кафедра ұстаздары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі қазіргі саяси жағдайлар, сайлаудан кейінгі ықтимал өзгерістер жан-жақты талқыланды. Сайлауға қатысушы үміткерлер жайлы өз ойларын бөлісе отырып, қытайтану шәкірттері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді.