2022 жылдың 9 қараша күні «Шығыстану» мамандығының 2-курс магистранты Нурсултанова Лаура ғылыми семинарда баяндама жасады.
Семинар тақырыбы «ҚХР Интернет желісі мен БАҚ саласын құқықтық реттеудің ерекшеліктері». Семинар барысында ҚХР билеуші партиясы ҚКП-ның жүргізіп жатқан цензура саясаты, оның ішінде интернет пен БАҚ саласын бақылау органдары мен цензура саясатының оң және теріс әсерлері жан-жақты талқыланды. Семинарға кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары мен оқытушы профессорлық құрам, докторанттар, магистранттар қатысты. Семинар соңында сұрақтар қойылып, тақырып кеңінен ашыла түсті.