Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Меритократия Азия мемлекеттерінің даму факторы ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті

11.11.2022

2022 жылдың 10 қарашасында «Шығыстану» мамандығының 3 курс докторанты Ақылбай Арыстанбек ғылыми семинарда баяндама жасады. 

Семинар барысында Сингапурдың билеуші ​​​​Халық әрекет партиясы жүзеге асырып жатқан азиялық құндылықтар теориясы, меритократияның мемлекеттік басқарудағы рөлі жан-жақты талқыланды.  Семинарға кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары және профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар қатысты.  Семинар соңында өздерін қызықтырған сұрақтар қойылды.