Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультетінің магистранты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еліміздің Жапониядағы Елшілігінде дауыс берді

24.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің магистранты Мұқанова Алима  еліміздің Токио қаласында орналасқан Жапониядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді.

Онда әлемнің ең үздік университеттерінің бірі – Токио университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бола отырып, ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Қазақстанның патриоты ретінде ол өз болашағын таңдады.