2022 жылдың желтоқсан айының 3-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен "Музыка – біздің ортақ тіліміз" байқауы өтті. Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылып отырған бұл байқауға қытайтану кафедрасының кафедрасының студенттері де қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде 4 курс студенті Ракишева Анар Ерланқызы I орынды иеленсе, Бірлікұлы Ерлік үздік қатысушы марапатына ие болды. Сонымен қатар, Дүйсенбай Құлпынай үздік жетекші марапатына ие болды.