2022 жылдың 22 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде презентация өтті. Оның барысында Қиыр Шығыс кафедрасының жапон бөлімінің түлектері шетелдегі іссапарлары жайлы тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шараны ұйымдастырушы Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі бөлімінің оқытушысы Боранкулова Самал болды. Презентация барысында Жапонияның беделді жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барған 7 студент оқу барысында алған тәжірибелері туралы айтып берді. Түлектер Токио университеті, Хоккайдо университеті, Каназава университеті, Осака университеті және Васеда университеті сияқты беделді университеттердегі оқу үдерісі туралы айтты. Сондай-ақ, түлектер студенттердің жапон тілін үйренудің қыр-сырына қатысты, жапон университеттеріне түсу үшін атқарылатын іс-әрекеттерге қатысты түрлі сұрақтарына жауап берді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алғандықтан, бұл іс-шара аса ақпаратты болды.