2022 жылдың 4-10 желтоқсан аралығында қытайтану кафедрасының доценті, PhD Сапарбаева Н.Б. мен 2 курс магистранты Су Цзяин «Цифрландыру дәуіріндегі лингводидактиканың өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша Н.П.Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінде (Ресей, Саранск) біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бағдарламада қазіргі цифрландыру дәуіріндегі лингвистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері талданды.