19 қаңтарда қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Абдырақын Нұрхалық Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан №6 мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдар бойынша кездесуге барды. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы жан-жақты таныстырылды. Оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, шығыстың 8 тілі мен мамандық тар туралы тың мәліметтер алды. Сонымен бірге Абдырақын Нұрхалық бастауыш сынып оқушыларымен де кездесіп, оқу орнын таныстырып, мектептің кітапхана бөліміне өз кітапарын сыйға тартты.