2023 жылдың 27 қаңтар күні қытайтану кафедрасында "Жібек жолы" үйірмесінің ұйымдастырумен студентерге арналған «Chun jie – отбасындағы бақ-береке мен ынтымақтың мейрамы» атты іс-шара өткізілді. Шарада жыл сайын атап өтілетін Қытай жаңа жылының маңызы, салт-жоралары мен олардың ерекшеліктері айтылып, осы мерекеге орай дайындалатын басты ұлттық тағам-тұшпараның пайда болу тарихы таныстырылды. Сонымен қатар студенттер бұл тағамды дайындаудың қыр-сырына қанығып, мол мәліметтер алды.