Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Жапондық студенттер Орталық мұражайда қонақта

10.02.2023

    9 ақпан күні ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті жапонбөлімінің оқытушылары мен студенттері Жапониядан “Қысқы мектеп” курстарына келген 31 жапон студенттерімен ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсияға барып қайтты. Мұражай қызметкерлері экспонаттар жайлы орыс тілінде тың ақпараттар берді. Бұл орыс тілін үйреніп жүрген жапон студенттері үшін үлкен тәжірибе болды. Сонымен қатар, ҚазҰУ жапон бөлімінің оқытушылары Боранкулова Самал мен Нурелова Асия және 3 курс студенттері жапон тіліне аударма жасап, жапон студенттері Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жайлы үлкен мәліметтер алды. Мұражайлар келген жапон студенттерінің айтуынша бойынша, көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі, Ортеке мен Домбыра , көне ғимараттар мен кесенелердің макеттері өте қызықты болған. Оған қоса, Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерліктері үлкен әсер қалдырыпты. Бұл күн жапон студенттерінің қазақ мәдениетімен танысуына, қазақ-жапон байланысына үлкен ықпалын тигізді.