Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапон бөлімінің апталығы аясында жапон бөлімінің оқытушылары Сауданбекова Ш.Т., Боранкулова С.К., Нурелова А.М., Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен ҚазҰУ- не Жапонияның Токио, София, Васеда Университтерінен қысқы мектеп бағдарламасымен келген студенттермен бірлесіп «Қазақстан мен Жапония тілдері мен мәдениетінің диалогы» атты халықаралық студенттік форум өтті.
Форумның мақсаты: жергілікті және шетелдік студенттердің екі халықтың тілдері мен мәдениеттері жөніндегі білімдерін тереңдету және қос ел білім алушыларының арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту.