Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жекеменшік Білім Ұйымдары Қауымдастығы білім мен ғылымды, ұлттық сана сезімді және бәсекеге қабілеттілікті дамыту мақсатында Қазақстандық білім берудің қазіргі жағдайын көрсететін «Уақыт сынағы» кітабын жарыққа шығарып, тұсаукесерін өткізді. Бұл кітаптың корректорлық қызметін қытайтану кафедрасының доценті Алиханқызы Гүлия атқарғандықтан, тұсаукесер шарасына арнайы шақырылып, алғыс хатпен марапатталды.