2023 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Көптілді білім беру мен зерттеулердегі инновациялық лингвистикалық тәсілдер мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияның пленарлық отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Тұран-Иран ғылыми зерттеу орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей «Тіл – достық пен қарым-қатынас құралы» тақырыбында баяндама жасады.
