Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Қазақстан және Жапония. Мәдени қарым қатынас» атты халықаралық студенттік форум өтті

02.03.2023

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапон бөлімінің апталығы аясында жапон бөлімінің оқытушылары Боранкулова С.К., Сауданбекова Ш.Т., Нурелова А.М., Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен ҚазҰУ-не Жапонияның Васеда Университетінен қысқы мектеп бағдарламасымен келген студенттермен бірлесіп «Қазақстан мен Жапония. Мәдени қарым қатынас» атты халықаралық студенттік форум өтті.

Форумның мақсаты: жергілікті және шетелдік студенттердің екі халықтың тілдері мен мәдениеттері жөніндегі білімдерін тереңдету және қос ел білім алушыларының арасындағы достастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту. Жапония жайында көп сұрақтарға жауап берген студенттер Васеда университетінің сертификаттарымен марапатталды.