2023ж. 12 сәуір Қиыр Шығыс кафедрасында 1 курс магистранттары Қожахметова Жәния, Мұратханқызы Назерке, Сәбитқызы Аружан және 1 курс докторанты Хамитова Назерке ғылыми семинарлар өткізді. Магистранттар мен докторанттар диссертация тақырыптары бойынша баяндамалар жасап, олардың мақсаты мен міндеттерін, жоспарын, ақпарат көздерін көрсетіп, ағымдағы семестрде атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Ғылыми семинарға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы – корейтану кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Пак Т.Н., PhD докторы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD докторы, Белялова А.Е., PhD, доцент міндетін атқарушы Ахапов Е.А., сонымен қатар 2 курс докторанты Исмаилова С. және 1 курс Хамитова Н., магистранттар: Сәбитқызы А., Нигметова Д., Мұратханқызы Н., Қожахметова Ж., Қасымова Д., Сейітов Р. қатысты.
Жиналғандардың айтуынша, баяндамашылар диссертациялық зерттеу жұмыстарының деңгейін, тамаша дайындықты көрсетті. Баяндамашылар өз баяндамаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы туралы айтты. Магистранттар мен докторанттар ғылыми жетекшілермен тығыз байланыста, диссертация құрылымы мен мазмұны бойынша жұмыс істейді. Олар өз еңбектерінде оқытылатын тіл елінің де, Қазақстанның да заманауи және өзекті сыртқы саяси мәселелерін шешуді басшылыққа алады.
Магистранттар талқылауға белсене қатысты, сұрақтар қойды, баяндамашылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Семинар жемісті өтті.
