12 мамырда Ақылбас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Қытай тілінің көпірі-2023» байқауының Республикалық кезеңі өтті.
Бейжіңде әлемдік аренада еліміздің атынан шығу құқығы үшін 26 қатысушы күресті. Бұл халықаралық байқау Қазақстанда 12 жылдан бері өткізіліп келеді.
Қытайтану кафедрасының 4- курс студенттері Бірлікұлы Ерлік пен Қайратқызы Мадина Алматы қаласы атынан Қарағанды қаласына осы байқауға қатысуға аттанды.
Бірлікұлы Ерлік ІІІ орынды иеленіп, жүлдегер атанды. «Үздік жетекшіі» сыйлығын Мұқатай Клара алды. Оларды шын жүректен құттықтаймыз!
