Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы үндітану бөлімінің студенттері «Hindi Vishva Yatra» аясында Үндістанда өтіп жатқан халықаралық форумға Қазақстан Республикасы атынан қатысуда. Форум 2023 жылдың 20-29 мамыр аралығында өтеді. Австралия, Фиджи, Италия, Жапония, Қазақстан, Маврикий, Польша, Корея Республикасы, Ресей, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка, Тәжікстан, Танзания сияқты елдерден келген студенттер халықаралық форумда өз елдерін таныстырады. 1 курс магисранттары Абилмажинова Зарина,Урумова Тоғжан, 4 курс студенті Дүйсенова Арай Қазақстандағы хинди тілінің оқытылуын, үндітанудың дамуын танытады. Үндістанға сапар барысында үндітану бөлімінің студенттері ICCR президенті доктор Винай Сахасрабуддхемен кездесті.

