Ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 10:00 де сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КЕФҚ Ақпараттық талдау департаментінің басқарушы директоры Жалиев Нұрхан Бұхарбайұлымен кездесу өтті. Кездесуде «Шетелдегі қандастар және Қазақстандық диаспоралық саясаты» атты дәрісін тыңдап, қатысушылар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып қызықты диалогтар жүргізді.

