Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

ҚХР Цинхай провинциясы қоғамдық ғылымдар академиясының өкілдері шығыстану факультетіне келді

17.11.2023

ҚХР Цинхай провинциясы қоғамдық ғылымдар академиясының өкілдері ғылыми-зерттеу және академиялық алмасуларды жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Конфуций институтына іс-сапармен келді.

Кездесу барысында төмендегідей мәселелер талқыланды:

  1. Қазақстандық сарапшылар және оқытушылармен білім саласындағы ынтымақтастық, академиялық алмасу, зерттеу барысы.
  2. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша тиісті сарапшылар мен ғалымдардың пікір алмасулары.
  3. Цинхай провинциясындағы университеттер мен шығыстану факультеті арасындағы ынтымақтастық.