Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Абдырақын Нұрхалық 14 қарашада "Аударадағы ойлау мен бейнелеу"атты әдістемелік семинар өткізді. Кафедра оқытушылары мен магистранттар, докторанттары әдеби көркем аударма аударудың жаңа әдістерімен танысты. Талай жылдардан бері жасап жүрген аударма жұмыстарынан жиған тәжірибелерін көпшілікпен бөлісті.