Фотокөрмеге келушілер назарына 49 фотосуретшінің 60 жұмысы ұсынылды. Бұл фото туындылар көрмеге келушілерге соңғы 10 жылдағы Қытай мәдениетінің даму үрдісімен таныстырды. Суреттер әлемдік мұралар тізіміне енген мәдени ескерткіштерді қорғауға арналған мұмыстармен, сонымен қатар қазіргі таңда Қытай әріптестік орнатып отырған әлемнің 149 мемлекетімен мәдени саласындағы алмасулар жайында сыр шертеді.

