2013 жылдың 19-ақпанында сағат 10.00, 503-аудиторияда қаламыздағы қытай тілін оқып жатқан оқушылардың тіл меңгеру деңгейін көтеру және олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы қаламыздағы қытай тілін оқитын мектептер арасында қытай тілінен олимпиада өткізілді. Олимпиадағы Алматы қаласының 3 мектебі келіп қатысты: №105, 62 мектептер және Аблай Т. атындағы мектеп. Қатысушы оқушылардың жалпы саны 16 болды. Екі кезеңнен түратын сайыс нәтижесінде оқушылар келесідей жүлделі орындарды иеленді:
1 орын №105 мектеп оқушысы Карманова Нина
2 орын Аблай Т. атындағы мектеп оқушысы Абдиева Адина
3 орын №105 мектеп оқушысы Касиманов Еңлік
