Фотокөрмеге келушілер назарына Қытайдың түрлі провинциясындағы фотосуретшілердің 60 жұмысы ұсынылды. Бұл фото туындылар көрмеге келушілерге Қытайдың мемлекеттік деңгейдегі бірегей мәдени нысандары, табиғи ландшафттар мен қорларға бай аумақ, сәулет өнері, аграрлық-өнеркәсіптік кешендері, ғылымдағы, техникадағы жетістіктері жайында сыр шертеді. Фотокөрме әр адамды қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға түрткі болары сөзсіз.


