Бүгін, 17 ақпан күні, сағат 15.00-де Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының студенттері кафедраның түлегі, РМК «Ғылым ордасы» сирек кездесетін кітаптар мұражайының кіші ғылыми қызметкері Досанов Нұрланмен кездесті. Кездесу барысында студенттер қызықты сұрақтар қойып, мұражайдағы сирек кездесетін кітаптар туралы ойларымен бөлісті. Кездесу қызықты да мазмұнды өтті. Ұйымдастырушылар: кафедра аға эдвайзері Жұмажанова Ф.Т., оқытушы Аубакирова Қ.
