2014 жылдың 25 сәуірінде Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы қазақтың біртуар ақын қызы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналды. Іс-шараға қатысушылар назарына студенттер мен магистранттар дайындаған ақын өмірі мен шығармашылығына арналған слайд түріндегі баяндама ұсынылды, ақынның лирикалық өлеңдері оқылды. Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері аталмыш тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, Фариза Оңғарсынованың әруағына тағзым етті.