Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қытайтану кафедрасының студенттері балалар үйіне барып қайтты

24.02.2015

Университетімізде қолға алынған ауқымды іс-шаралардың бірі «Айналаңды нұрландыр» акциясы. Осы акцияның аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Шығыстану факультетінің аударма ісі мамандығының 3 курс студенттері де осы іс шараға өз үлесін қосуда, сол себепті осы топтың жетекшісі Гүлназ Жүнісбек өз тобымен № 1Балалар үйінде болып қайтты. Балалларға керек заттарды алып, аз да болса балаларға қуаныш сыйлағысы келді. Балалармен әңгіме дүкен құрып, олардың күнделікті өмірімен танысты. Балалар студенттерге өз өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Балалардың жан-жақты өнерлері бар екен.Балалармен қоса студенттер де қытайша ән шырқап берді. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар болашақ ұрпаққа көп нәрсені үйрететеді.

Қытайтану факультетінің студенттері бұндай “ Айналаңды нұрландыр“ аясындағы іс-шараларлың әлі де жалғаса беретініне кәміл сенімді.