Ата-аналар комитетінің төрағасы біздің факультетімізді, университетімізді алғаш көргендігін айтып, жетістіктер мен істеген істерімізге мадақтау сөздер айтты. Кеш қонақтарын Таяу және Орта Шығыс кафедрасының меңгерушісі М.Б. Салқынбаев факультетіміздегі «Шығыс» музейін көрсетіп, жалпы музей жөнінде мәліметтер берді. Болашақ студенттер Шығыстану факультеті жайында қызықты слайд, видео-ролик тамашалап, өздерінің ризашылықтарын білдіріп жатты. Кеш соңында естелік суретке түсіп, болашақта біздің факультетімізді өздерінің таңдауына қосатындарын мәлімдеді. Кеште факультетіміздің ұстаздары сөз сөйлеп, қызықты әңгімелер де қалыс қалмады. Факультетіміздегі шетелдік тіл ұстарту курстары және академиялық мобильділік бағдарламалары, президенттік шәкіртақы, «Болашақ» бағдарламасы, «Posko» шәкіртақысы оқушыларды таң қалдырып, оларға ой тастады. Негізгі мақсатымыз сол келген 12 оқушы 12 досына айтып жарнамалау емес, факультетімізді таныту болып табылады.