Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Музыка – біздің ортық тіліміз» атты Қытай әндерін айту байқауы

24.02.2015

2015 жылдың 20 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен өткен «Музыка – біздің ортық тіліміз» атты Қытай әндерін айту байқауында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері Бағдат Биназир мен Қайрат Айдана жүлделі үшінші орынды иеленді. Екі кезеңнен тұратын сайыстың бірінші кезеңінде Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығының, Қытай компанияларының, Конфуций институтының қызметкерлерінен құрылған конкурстық коммисияның қатал сүзгісінен өткен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген 9 ғана қатысушы екінші кезеңге жіберілді. Ең мықты деген жез таңдай әншілер қатысқан ақтық сында Биназир мен Айдана үшінші орынға берілген үш орынның екеуін жеңіп алды.