2015 жылдың 5 мамыр күні Фараби кітапханасының «Ғалымдар клубында» шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Дәулет Фатиманың жаңадан шыққан үш бірдей кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Фатима ханымның ұстаздық еткен 21 жылдық білімі мен тәжрибесінің, көз майын тауысып ұйқысыз өткен түндердің, ерен еңбегінің жемісі іспеттес бұл кітаптар тек қана университет, факультет, кафедра ғана абыройы емес, сонымен қатар отандық қытайтану ғылымына қосылған сүбелі еңбектер. «Қытай тілінің практикалық курсы. Сабақ өтудің жаңа концепциясы» деген кітабы заман талабына сай отандық оқулық керек екенін негізге ала отырып, жергілікті оқушының дүниетанымындағы, тәрбиесіндегі ерекшеліктер ескерілген тың бағыттағы оқулық. «Қытай туралы 13 тарау» деп аталатын екінші кітап мыңдаған жылдық құдай қосқан көрші мемлекет болғанымен, біздің халық үшін әлі де болса жұмбақ тұсы көп Қытайдың тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін белгілі Ресейлік, Қазақстандық қытайтанушылармен, танымал қытайлық мәдениет өкілдерімен сұқбаттаса отырып, оқушының ішін пыстырмайтын қызық форматта берілген оқу құралы. Үшінші шыққан кітап – тілдескіш. Ағылшын, қытай, қазақ, орыс төрт тілде берілген тілдескіш те өзіндік ерекшелігі бар тың дүние. Тілдескіштің ішінде берілген диалогтар мен сөйлемдер бүгінгі күнгі қоғамдағы нағыз керек, шынай өмірге жақын жағдайларға барынша орайластырылған. Тұсау кесер рәсімге кітапты шығарған «Қазақ университеті» баспасының басшылары, белгілі ғалымдар, іскерлік орта өкілдері, басқа оқу орындардың қытай тілі оқытушылары, ұстаздар, магистранттар мен докторанттар қатысты. Бұл өткен іс-шараның тағы бір ерекшелігі тұсаукесу рәсіміне Пекин университетінің профессоры Ваң Сяо фу мырзаның қатысуы болды. Осы орайда қытатану кафедрасы мен кафедра жанындағы «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу» орталығы 2014-2015 оқу жылында түрлі форматтағы 10 кітап шығарғаны айтылды. Бұл кітаптарды кафедра меңгерушісі, орталық директоры белгілі ғалым, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы оқырмандарға таныстырып, кітапханаға біраз кітаптар сыйға тарты. Бұл өткен іс-шараның тағы бір ерекшелігі тұсаукесу рәсіміне Пекин университетінің профессоры Ваң Сяо фу мырзаның қатысуы болды. Өз кезегінде сөз алған Ваң мырза бір жылдың ішінде осыншама