22-25 қыркүйек аралығында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің ана тілім» атты қытай тілінде мақала жазу жарысы өтті. Сайысқа 3-4 курс студенттері белсене қатысты. Сайыстың нәтижесі бойынша 3 үшінші орынды Бейбіт Айдар, Сартова Айнұр және Қайрат Айдана, 2 екінші орынды Аманбаева Фарида, Утешова Динара жеңіп алды. Кафедра оқытушыларынан құрылған қазылар алқасы ақылдаса келіп, бірінші орынды Қуанғали Айнұрға тиесілі деп шешті. Жеңімпаздар марапттарын белгілі ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының қолынан алды.