Қытайтану кафедрасының 4 курс студенттарі Қуанғалиева Анар мен Утешова Динара ҚХР Оңтүстік-Батыс университетінде оқу барысында Қытай телеарнасының хабарына түсті. Олар 2015 жылдың шілде айында Чун Чиң қаласында шетелдік студенттердің қатысумен өткен «Халықаралық мәдениет фестивалына» қатысып, қытайдың дәстүрлі гу джың аспабында ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Олардың өнерін ҚХР атақты CCTV арнасы тікелей эфирдан көрсетті.