Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қытайтану кафедрасы студенттері мен түлектерінің Қытайдың жұмысберуші «И цзи фу ча» компаниясы өкілдерімен кездесуі

12.10.2015

2015 жылдың 12 қазан күні қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен кафедрасы студенттері мен түлектерінің Қытайдың жұмысберуші «И цзи фу ча» компаниясы өкілдерімен кездесуі өтті. Шараның мақсаты кафедра түлектерін және студенттерін жұмыспен қамту мақсатында түрлі салада жұмыс жасап жатқан Қытай компанияларының шетелдіктерді жұмысқа қабылдау тәртібімен таныстыру және соған студенттерге бейімделу жолдарын көрсету.

Кездесуге қытайтану кафедрасының мегерушісі Нәбижан Мұқаметханұлы бастаған оқытушы-профессорлар құрамы, оқу бітіріп кеткен түлектері және жоғарғы курс студенттері мен магистранттары, «И цзи фу ча» компаниясының кадрлар бөлімінің бастығы Чаң Биң, «И цзи фу ча» компаниясының Қазақстандағы үйлестірушісі Мусазов Рамазан қатысты. Кездесу барысында бірнеше жүз жылдық тарихы бар «И цзи фу ча» компаниясының тарихы мен бүгіні және болашақтағы жоспарлары туралы презентация-фильм көрсетілді. Бұл компания болашақта Қазақстан нарығында өз ісін жандандыруға ниетті екендерін жеткізді. Соған байланысты жергілікті мамандарды жұмысқа алу жоспарларын ортаға салды. Кездесу түлектер мен студенттердің үлкен қызығушылығын туғызды.

Қытайтану кафедрасы студенттері мен түлектерінің Қытайдың жұмысберуші «И цзи фу ча» компаниясы өкілдерімен кездесуі

Тақырыбы: Қытай компанияларының шетелдіктерді жұмысқа қабылдау талаптары.

Шараның өтетін күні мен уақыты: 12.10.2015 ж., 11:30-13:00

Өтетін жері: шығыстану факультеті, 503 ауд.

Кездесуге қатысушылар: Қытайтану кафедрасының ОПҚ, түлектері және жоғарғы курс студенттері мен магистранттары, «И цзи фу ча» компаниясының кадрлар бөлімінің бастығы Чаң Биң, «И цзи фу ча» компаниясының Қазақстандағы үйлестірушісі Мусазов Р.

Жауапты адамдар: қытайтану кафедрасының меңгерушісі Мұқаметханұлы Н., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі бойынша орынбасары Керімбаев Е., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновация және халықаралық байланыс істері бойынша орынбасары Түргенбай А.

Кездесудің жүргізушісі: қытайтану кафедрасының меңгерушісі Мұқаметханұлы Н. Шараның өту тәртібі:

Кездесудің алғы сөцзи – қытайтану кафедрасының меңгерушісі Мұқаметханұлы Н. – 5 минут

«И цзи фу ча» компаниясының кадрлар бөлімінің бастығы Чаң Биң мырзаға сөз беру- 15 минут

«И цзи фу ча» компаниясының Қазақстандағы үйлестірушісі Мусазов Рамазанға сөз беру – 10 минут

Презентацияның уақыты – 25 минут

Сұқбаттасу, талқылау, сұрақ-жауап – 25 минут

Естелікке суретке түсу