2015 жылдың 9 – 13 қыркүйек аралығында Алматы қаласының «Cinemax Dostyk Plaza» кинозалында өткен «Қазақстандағы Қытай киносының апталығының» ашылу салтанатына қатысқан қытайтану кафедрасы студенттері ерекше әсерленіп қайтты. Фестиваль Қытайдың Қазақстандағы елшілігі және режиссерлер Шерзат Якуп, Чжан Син, актер Кундузай Таштардың қатысуымен «Шынайы махаббат» фильмімен ашылды.
«Шынайы махаббат» фильмі көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Көрсетілім соңында көрермендер режиссер Шерзат Якуп және фильмдегі бас кейіпкерді сомдаған актриса Қундузай Ташпен кездесіп, сұхбаттасты.
Шерзат Якуп өз сұхбатында: « Біз бүгін Қазақстанға «Қытай киносының апталығы» фестивалімен мемлекеттік делегация құрамымен келіп отырмыз. Бәрімізге белгілі, екі мемлекет басшыларының қолдауымен «Жаңа Жібек жолы» жобасы даярланған болатын. Бұл жоба тек сауда –экономикалық қатынастарды ғана емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды да дамытуға бағытталған. Осыдан біраз уақыт бұрын Қытайда «Қазақстан киносының апталығы» болып өтті. Біз де осы мәдени алмасу барысында алғаш Өзбекстанда болдық, бүгін міне Алматыға келіп отырмыз. Фестиваль барысында көрермендер «Ұлы ұстаз», «Іле өзені», «Маймылдар патшасы» және мен түсірген «Шынайы махаббат» фильмдерін көруге мүмкіндік алады»,- деді.
Аталмыш фестивальға әл- Фараби университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де белсенді қатысып, режиссер, актерлермен сұхбаттасып, фильмдерден рухани азық алып қайтты.
Фестиваль жоспары төмендегідей болды:
9 – қыркүйек
18:30 – 19:00 Фестиваль ашылуы. Фуршет.
19:15 – 20:55 «GeniuneLove» («Шынайы махаббат») фильмі– 100 минут
21:00 – 23:10 «Ұлыұстаз» фильмі – 130 минут
10 - қыркүйек
10:00 – 11:55 «Іле өзені» фильмі — 110 минут
11 - қыркүйек
10:00 – 12:00 «Маймылдар патшасы» фильмі — 120 минут
12 - қыркүйек
11:00 – 12:40 «Geniune love» — «Шынайы махаббат» – 100 минут
13 - қыркүйек
11:00 – 20:55 «MissGranny» фильмі – 130 минут