Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қытайтану кафедрасының студенттері Қазақстандық студенттерге арналған жазғы лагерде

25.10.2015

2015 жылдың тамыз айында Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ұйытқы болуымен Пекин тілдер және мәдениет университетінде біздің елдің студенттеріне арналған қытай тілі мен мәдениетінің он күндік жаздық лагері ұйымдастырылды. Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 10 студенті осы бағдарлама бойынша жаздық лагерге барып қайтты.

Жазғы лагерь студенттерге Қытайдың маңдай алды университеттерінің бірінде қытай тілін, тарихы мен мәдениетін оқуға мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар осы сапар барысында Қытайдың Пекин, Шанхай Циндао сияқты әдемі қалаларын аралып, мәдени-экспедициялық іс-шараларға да қатысуына жағдай жасады.