Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұйымдастыруымен осы ұйымға мүше мемлекеттердің студенттері үшін Шанхай қаласында жаздық лагерь ұйымдастырылды.
2015 жылдың шілде айынан тамыз айы аралығында Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 3 курс студенттері Айтжанова Айжан мен Скатова Диана осы бағдарлама бойынша бір айлық жаздық лагерге барып қайтты.
Олар Қытай Шығыс Педагогикалық Университетінде дәріс оқып қана қоймай, сонымен қатар Қытайдың табиғатының әсемдігімен аты аңызға айналған Сучжоу мен Учжэн қалаларына саяхаттап барып қайтты.