Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Музыка – біздің ортық тіліміз» атты Қытай әндерін айту байқауы

13.11.2015

2015 жылдың 13 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен өткен «Музыка – біздің ортық тіліміз» атты Қытай әндерін айту сайысы өтті. Байқауға қытай тілін оқып үйреніп жатқан еліміздегі барлық оқу орындарының студенттері қатысты. Екі кезеңнен тұратын сайыстың бірінші кезеңінде Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығының, Қытай компанияларының, Конфуций институтының қызметкерлерінен құрылған конкурстық коммисияның қатал сүзгісінен өткен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген 9 ғана қатысушы екінші кезеңге жіберілді. Байқаудың нәтижесі бойынша ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытай тілі оқытушысы Қойбақова Айжанның жетекшілігімен 3 курс студенті Қазбеков Исламбек үшінші орынды жеңіп алды.