Жаңалықтар
Жаңалықтар

2019 жылдың 17 қазан күні қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра шетел студенттері куратор-эдвайзерлермен бірге ҚазҰУ студенттер қатарына қабылдауына арналған мерекелік қойылымға белсенді қатысты.

2019 жылдың 02 қыркүйегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Акт залында «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Оған факультет басшылары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Концерттік бағдарлама көрермендердің назарына ұсынылды, онда әндер мен билер орындалды, шара қонақтарының тілектері айтылды. Бірінші курс студенттеріне оқуда сәттілік және студенттік өмірде жетістік тілейміз!

Рамазан айы ‒ барша мұсылмандар үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны. Рамазан айында адамдар қайырымды істер жасауға, бір-біріне мейірімді, кешірімді болуға, ғайбат сөйлемеуге тырысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» клубының мүшелері мен жетекшілері Н.Мәтбек, С.Нусупбаева және кураторлар: Г.Тилеужанова, Г.Сапаевалармен бірге Рамазан айының құрметіне ауызашар өткізді. Қасиетті Рамазан айындағы ниет ‒ қабыл, мұрат асыл болсын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары, «Парасат» клубының мүшелері, жетекшісі Н.Қ. Мәтбектің 2019 жылы мамыр айының 01-03 аралығында Қазақстан Республикасының астанасы ‒ Нұр-Сұлтан қаласына жасаған саяхаты мазмұнды да әсерлі өтті. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен ‒ «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағын, 1999 жылы «Әлем қаласы» деген ат иеленген бас қала. Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушыларға еуропалық және шығыстық сәулет өнерін ұтымды үйлестірген қаланың зәулім де әсем ғимараттары ерекше әсер қалдырды. Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасау үшін оларға екі күн аз болды. Шетелдік тыңдаушылар саяхат жетекшісі Нұрсұлу апайларына алғыс айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары 7 Мамыр ‒ Отан қорғаушылар күнінде ұстаздары мен бірге оқитын достарын мерекемен құттықтады. Қыздар өз өнерлерін ортаға салып, сахналық қойылым көрсетіп, әндер айтты. Мерекелік шараға Ауғанстан Ислам Республикасынан келген 2-топ тыңдаушылары да (кураторы ‒ Н.Мәтбек) қонақ ретінде қатысты. Олар қазақ халқының қонақжайлығына, достық пейіліне тағы да куә болды. Ауған тыңдаушылары шетелдік қазақ диаспорасының қыз-жігіттерінен дос тапқандарына дән риза.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитеті 1 Мамыр ‒ Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өткізді. Ауғанстан Ислам Республикасынан келіп университетте білім алып жүрген ауған жастары да мерекелік шарада басқа да шетелдік студенттермен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 2-топ тыңдаушысы Хакими Ферайдон да (кураторы ‒ Н.Мәтбек) белсене қатысты. Шетелдік студенттер мен дүниежүзі үшін көпұлтты Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен ынтымағы үлгі болып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы «Парасат» клубының мүшелері жетекшісі Н.Қ. Мәтбекпен бірге Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік орталық музейге саяхатқа барды. Олар музейдің сәулетті залдарында орналасқан, аса құнды тарихи-мәдени жәдігерлерді көрді. Студенттер Қазақстанның ежелгі заманынан қазіргі кезеңіне дейінгі тарихынан мағлұмат алды. Әсіресе тарихи этнография залындағы қазақ халқының тұрмысынан, рухани және материалдық мәдениеті экспонаттарын өз туған халқының мәдениетіне ұқсатты.

2019 жылы 21 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің декан орынбасары және шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын шетел студенттері «Алматы Марафоны 2019-ға» белсенді қатысты.

2019 жылы 20 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқитын студенттер-шетел тыңдаушылар футболдан декан Кубогы жарысына белсенді қатысты.

VI Әл-Фарабидің «Әл-Фараби және қазіргі заман» форумының қорытындысы бойынша, 2019 жылдың 12 сәуірінде ғылыми іс-шаралар қорытындысы бойынша «ҚазҰУ 2019-ның үздік жас ғалымы» байқауы өткізілді.