Гуманитарлық
Жаңалықтар

Жаңалықтар


09.04.2019 Халықаралық ғылыми конференция

2019 жылдың 9 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде VІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.


02.04.2019 VI Халықаралық Фараби оқулары

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ғылыми кітапханасында сағат 9.00 де VI халықаралық Фараби оқуларының салтанатты ашылуы болды. ашылу салтанатында университетіміздің ректоры техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғ.М. Мұтанов сөз сөйлеп жас ғалымдарға сәттілік тіледі. сонымен қатар жоғарғы оқу орнынын дейінгі білім беру факултетінің оқытушылары мен тәрбиеленушілері қатысты.


29.03.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Қазіргі және болашақ ғылымы: жастардың ғылыми білімді дамытудағы рөлі мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2019 жылдың 29 наурызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті колледжінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына және Жастар жылына арналған «Қазіргі және болашақ ғылымы: жастардың ғылыми білімді дамытудағы рөлі мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


22.03.2019 Шарын шатқалына саяхат

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаевалармен бірге Шарын шатқалына саяхатқа барды. Шарын шатқалы Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Шетелдік тыңдаушылар шатқалдың әсем табиғатын тамашалап, естелік суретке түсті. Олар көңілді әндер шырқап, спорттық ойындар ойнап, демалыс күндерін қызықты өткізді.


15.03.2019 «Студенттік көктем 2019» көркемөнерпаздар байқауы "Бас жүлде" 15.03.2019

2019 жылы 15 наурызда университетте дәстүрлі «Студенттік көктем 2019» көркемөнерпаздар байқауының ақтық финалы өтті. 15 факультет студенттері қатысқан финалда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенттері 2-орынды иеленді. Факультет абыройын арттырған студенттерімізді жеңісімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!


07.03.2019 8-наурыз халықаралық қыз келіншектер мерекесімен құттықтаймыз

8-наурыз халықаралық қыз келіншектер мерекесімен шын жүректкен құттықтаймыз. 2019 жылдың 7- ші наурыз күні Д. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында аруларымызды құттықтап концерт өтті, сол концертте ЖОО дейінгі білім беру факультетінің жігіттері де, өнер көрсетті.


06.03.2019 «Аяулы ана, ардақты ұстаз, ару қыз»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі ‒ Н.Мәтбек Ұлықбек, 36 оқу ғимаратының акт залында өткен 8 Наурыз ‒ Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы ана, ардақты ұстаз, ару қыз» атты мерекелік кешке қатысты. Мерекеде жігіттер жағы ұстаз-аналар мен құрбы-қыздарды көктемнің алғашқы мейрамымен құттықтап, өнер мен сый-құрмет көрсетті. Мерекелік кеш есте қаларлықтай болып өтті.


05.03.2019 Республикалық әл-Фараби олимпиадасы

4-5 наурыз ҚазҰУ-да дәстүрлі Республикалық  әл-Фараби олимпиадасы өтті. ЖОО дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектептің 11б сынып оқушысы Бекбергенова Сәуле Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі 3-ші орынды иеленді. Құттықтаймыз


02.03.2019 Үстел теннисінен жарыс

2019 жылының 2 науырыз күні жоғарғы оқу орыны деінгі білім беру факультетінің екінші қабаттағы фойесінде кафедра оқытушылары мен «Денсаулық» спорт-сауықтыру клубының ұйымдастыруымен үстел теннисінен шетелдік студенттер арасында жарыс өткізілді.


01.03.2019 «Денсаулық» спорт-сауықтыру клубы

2018 жылдың 1 наурыз күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының «Денсаулық» спорт-сауықтыру клубы мен кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен шетелдік студенттер боулинг ойнауға (ашық тәрбие шарасы ретінде) барды.