Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек Алматы қаласындағы Дінмұхаммед Қонаевтың музей-үйіне саяхатқа барды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 2-топ тыңдаушылары (кураторы ‒ Н.Мәтбек) демалыс күні Шымбұлақ тау шаңғы курортына саяхатқа барды. Олар «Медеу ‒ Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы Іле Алатауының қысқы әсем табиғатын тамашалады. Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар таудың таза ауасымен дем алып, көтеріңкі көңіл күймен демалып қайтты.

Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері, бүкіл ел жастарына үндеу тастаймыз!
Қазақстан Жастар жылына аяқ басты, бұл – Елбасының ел болашағы жас ұрпаққа деген үлкен әрі ерекше қамқорлығының көрінісі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтудың жауапкершілігі мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру және әлемдік деңгейде ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жастарға аса зор жауапкершілік пен үлкен үміт жүктеледі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жастар жылын ашты. Осыған байланысты студенттер сарайында 2000-нан астам ҚазҰУ студенттері мен оқытушылар құрамы Жастар жылының ашылуының онлайн көрсетіліміне жиналды. Аталған іс-шараны қолдау мақсатында факультеттің студенттері және оқытушылар құрамы аудиторияларда да жиналып, көрсетілімді тамашалауда.

2019 жылдың 22 қантарында факультет деканы Ж.Е. Жаппасов 2018-2019 оқу жылының күзгі семестрінің Есебін баяндады.

Факультетіміздің«Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті Герасимов Расим Қазақстан чемпионатында спорттық бағдарлаудан жүлделі 2-ші орынға ие болды. Ол осы жеңісін ҚазҰУ-дың 85 жылдығына арнады. Жеңісті күндер көп болғай!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен «Қазақфильм» киностудиясының «Мұзбалақ» мультфильмін тамашалады. Мультфильм соңынан режиссерлері: Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазымен кездесті. Авторлар анимациялық фильм арқылы қазақтың саятшылық мәдениетін, адам мен бүркіт арасындағы достықты көрсетеді.
Шетелдік тыңдаушылар мультфильмнің балаларға ғана емес, ересектерге де ұнайтын туынды екеніне көз жеткізді.

15.01.2019 жылы факультетіміздің білім алушылары ҚазҰУ-дың 85 жылдығына арналған флешмобқа қатысты.

2019 жылдың 11 қантарында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра кураторлары Тәрбие жөніндегі департаменттің қолдауымен кураторлар-эдвайзерлер Мектебінің жұмысына белсене қатысты.

04.01. – 11.01. аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогтар мен өзге де қызметкерлер, докторанттар арасында «Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорттың түрлері қамтылған.