Жаңалықтар
Жаңалықтар

Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлшара Тастемирова ауғанстандық 1-2 топ тыңдаушыларымен «ҚР Мемлекеттік рәміздері» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Тыңдаушылар мемлекеттік рәміздердің елдің тәуелсіздігін танытатын қасиетті, ерекше нышан екендігі жайлы мәтіндерді оқып, ҚР мен АИР мемлекеттерінің Ту, Елтаңба, Әнұрандарын сипаттады. Берілген сұрақтарға жауап беріп, сөздік жұмыстарын жүргізді. Сабақта оқытудың техникалық құрал-жабдықтары қолданылды. Ашық сабақ кафедраның жас оқытушылары мен тыңдаушылары үшін пайдалы болды. Сабаққа 1-2 топ кураторлары Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова т.б. оқытушылар қатысты.
2018 жыл - ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тілі мен мәдениеті бойынша базалық ұйым болып табылатын Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту тарихындағы ерекше елеулі кезең болды.

2018 жылы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Халықаралық студенттер күніне арналған «Жан жылуы» атты концерт болып өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелері мен студенттер, жетекшісі Н.Мәтбек Алматы қаласындағы Республика сарайына дәстүрлі «Тәлімгер Пайғамбар тағылымы» атты рухани кешті тамашалауға барды.

14.11.2018 ж. ұлттық валютамыздың 25 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық валютаға -25 жыл!» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өтті.

"Ғарышты зерттеудің өзекті мәселелері" атты қалалық конференция
2018-2019 оқу жылында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Халықаралық достық клубы» жұмыс істей бастады. Клуб жаңа дәстүр негізінде әр елдердің мәдени күндерін атап өтуды бастады. Қазан айының аяғымен қараша айының басында Жапон елінің мәдени күндері өтті.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Абжанов Хангельди Махмутұлымен кездесу өткізді.

Әл-Фараби мұражайы университеттің ғылыми кітапханасымен бірге ашылған. Мұражай төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Көне Отырар естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы», «Ұлы Жібек жолы бойымен», «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты», «Әл-Фараби еңбектері адамзаттың асыл қазынасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушыларына, «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелеріне (жетекшілері: Нұрсұлу Мәтбек, Салтанат Нусупбаева) ҚазҰУ қалашығына танымдық-саяхат сабағын ұйымдастырылды.