Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелері және жетекшілері Нұрсұлу Мәтбек, Салтанат Нусупбаева Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фарабидің өмірімен, еңбектерімен танысты. Әлемде ІІ ұстаз атанған, қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан бірнеше тілді жетік білген. Ғылымның көптеген салаларын жете зерттеген. Артына 150-ге жуық еңбек қалдырған. Тыңдаушылар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімінің берілуінің өзі (1991 жылы) бекер еместігіне көз жеткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г.Тилеужанова, Г.Сапаевалармен бірге Алматы қаласының шығыс жағында 70 шақырым жерде тау шатқалында орналасқан әсем Есік көліне саяхатқа барды.

25.10.18 ж. сағ 15.00 де ЖООД білім беру факультетінің тыңдаушылары «Алтын күз» кешін өткізді. Кешке он топтың тыңдаушылары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының Қазақстанға жуырда келген ауғанстандық тыңдаушыларын кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаевалар әсем қала ‒ Алматының мәдени орындарымен таныстыру мақсатында Медеу спорт кешеніне саяхатқа барды.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменеймен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі дайындық факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары мен кураторлары Г.Тастемирова, Н.Мәтбек, Г. Тилеужанова, Г.Сапаевалар университеттік сенбілікке қатысып, оқу ғимаратының ауласын тазалады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Парасат» әдеби клубының мүшелері мен жетекшісі Нұрсұлу Мәтбек қазан айының басында ұстаздар мерекесін атап өтті.
Колледж студенттеріннің қатысуымен «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді.
2018 жылдың 3 қазан күні сағат 19:00-де №14-ші жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Сәлем, Қазақстан!» тәрбие шарасы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің жүзден аса елімен білім саласында қарым-қатынас жасап, халықаралық байланысын жетілдіріп келеді.