Жаңалықтар
Жаңалықтар

2020 жылдың 14 қазанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы қазақ тілін оқып жатқан шетелдік студенттерге арналған "Абайдың ән шығармашылығы" атты ашық іс-шара өткізді. Тәрбиелік іс-шара барысында шетел азаматтары қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы біліп, оның шығармаларының үлгілерін тыңдады.

2020 жылдың 12 қазанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары "ҚазҰУ-ға қош келдіңіздер!" атты кәсіби бағдарлы тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар шетелдік студенттерге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі жыл сайын мамыр айының соңында өтетін «Түлектер күні» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынды жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Әділханова кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарды қабылдады.

құрметті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің түлектерлі сіздерді 2020 жылдың 30 мамыры сағат 11:00 білім нәрімен сусындатқан қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ-ның ұйымдастыруымен онлайын форматта өтетін дәстүрлі жыл сайынға түлектер кездесуіне шақырамыз.

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай 21.05.2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖООД білім беру факультеті колледжінің ПК-201 топ кураторы М.М. Сапирова және ПК-201 тобы ата-аналарының бастамасымен білім алушылар жағдайы төмен отбасыларға «Біз біргеміз» қайырымдылық қоғам челендж акциясын ұйымдастырды.

18.05.2020 жылы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында «Балапан» телеканалында қазақ тілінде және «Еларна» телеканалында орыс тілінде республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖООД білім беру факультеті колледжінде Абай Құнанбаұлының 175 жылдығына арналған қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілді.

Әлемде болып жатқан карантин кезінде әр адам өз жеке басының тазалығын сақтаса бұл індеттен оңай құтыламыз. Ол үшін адамдар көп жиналатын жерге бармай, үнемі бетпердемен жүріп, қолды жиі жуып тұруды ұмытпауымыз керек. Осы орайда ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің Ауған Ислам Республикасынан келген 2-топ тыңдаушыларының түсірген қысқа ролигін facebook парақшасынан тамашаласаңыздар болады. Топ кураторы аға оқытушы Ж.Б.Саткенова #бірбіргеміз

2020 жылдың 30 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында "Ұлы Жеңіске - 75 жыл. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы" тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Оқытушылар студенттерге қазақстандықтардың фашизмді жеңуге қосқан үлесі туралы айтып берді.

2020 жылдың 24 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары «Салауатты өмір» жобасы аясында шетел студенттеріне арналған «Денсаулық – ең басты құндылық» атты ашық тәрбие іс-шарасын онлайн түрінде өткізді. Іс-шара барысында Корей студенттері Оңтүстік Кореядағы коронавирус жағдайы туралы айтты.

2020 жылдың 20-23 сәуір аралығында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары орыс тілі шет тілі ретінде жыл сайынғы дәстүрлі Олимпиадасын онлайн форматта өткізді. Шетел студенттері үлкен қызығушылықпен белсенді қатысып, орыс тілін білуде өз күштерін сынап көрді.