Гуманитарлық
Жаңалықтар

Отандық кино күні

02.11.2017

 

Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-да отандық кино күні  жобасы аясында өткен «Сенім жолында» атты  көрсетілімді ЖОО-ға дейінгі білім беру кафедрасының    1,2,3  топ тыңдаушылары мен ұстаздары  барып тамашалады. Көрсетілім де жаза басып теріс ағымға түсіп , қылмыс жасап,сонан соң ғана ақылға келген өмір бақи бас бостандықтарынан айырылған азаматтар сұқбат беріп , мұндай жолға түспеу керектіктерін айтты. Қазір өкініп, жаза басқандарын айтып халықтан кешірім сұрап жатыр. Сонан соң осындай жолға түсіп жанұяларымен Серияға, Иранға өтіп кеткендердің елде қалған туыстарыда өз ойларын айтты. Қазақстанның муфтиі мен дін танушыларда бұл  туралы өз ойларын білдірді. Деректі фильм біткен соң,фильм режиссерлерімен талқылау болды.Тыңдаушылар көп жайтқа қанық болғандарын, бәрін ой елегінен өткізіп, адаспай жүріп,анық басатынындарын айтты.Көрсетілімнен жақсы әсер алғандарын жеткізді.Осындай дүниелер көптеп жасалып,көптеп уағыздалса нұр үстіне нұр болар еді.

Жауаптылар: Буланова Т.М.,Мырзахметова А.