Гуманитарлық
Жаңалықтар

«Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі спартакиада өтті

11.01.2019

04.01. – 11.01. аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогтар мен өзге де қызметкерлер, докторанттар арасында «Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорттың түрлері қамтылған. Аталған спорт түрлері бойынша факультеттің команда құрамына кафедра,колледж, бейімдік мектеп оқытушылары –Тұрғанбай С., Тілеубердіұлы Ербол, Ш.Саламатов, Р.Тоғайбаев, А.Даулетова, А.Темірбаева т.б. қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттайтын аталған іс-шараға белсене қатысқан колледж оқытушыларына алғыс айтамыз.